Перизат Қайрат сот залында жылап жіберді

Сағыныш Сардарова 09 шіл. 2025 16:00

Алаяқтық жасады және қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат тергеу изоляторында өзіне күш қолданылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Ол бұл туралы Астана қаласында өтіп жатқан сот отырысы басталар алдында айтты.

"Моральдық тұрғыдан қатты шаршадым. Енді ғана тергеу изоляторының қызметкерлері тарапынан ұрып-соғу дерегі туралы ашық айта аламын. Астана қалалық прокуратурасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір жағдайым біршама жақсарды", – деді Перизат Қайрат.

Журналистер оның құқық қорғау ұйымдарынан көмек сұраған-сұрамағанын нақтылады.

"Қандай өтініш түсірсем де, бүгінге дейін маған қоғамдық қорғаушы тағайындалған жоқ. Анамды да алғаш рет бүгін ғана көріп тұрмын. Оған күдікті мәртебесі тек 18 наурызда берілді. Менің барлық заңды құқығым аяқ-асты етілді", – деп көзіне жас алды айыпталушы.

Сондай-ақ, Перизат Қайрат ашық сот процесіне қарсы еместігін айтты. Бірақ журналистерден анасын камераға түсірмеуді сұрады.

Кейінірек Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы қалай өтетіні белгілі болды.

"Перизат Қайраттың алдын ала тыңдаудағы өтініші қаралды (...) Сот сот процесін жабық түрде өткізу туралы өтінішті ішінара қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Сот отырысы 2025 жылы 14 шілдеде сағат 10:00-ге белгіленді", - деді судья.

Бүгін Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот басталды


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар