Перизат Қайрат ісі: бүгін жәбірленушілер не деді?

Көркем Алдабергенова 24 шіл. 2025 12:13

Астанада қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінгі сот отырысында жәбірленушілердің бірі мұндай оқиғалар қоғамдағы сенімге үлкен соққы болатынын айтты.

"Бұл жазаны неге әділ және объективті деп санаймын – өйткені мұндай жағдайлар қоғамдық пікірге әсер етіп, көңілге қаяу түсіреді. Әрбір осындай прецедент қоғам жетістіктерінің көбін жоққа шығарады. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдар қоғамның сенімі мен мойындауына ие болу үшін үлкен күш салады. Ал оны иелену өте қиын", – деді жәбірленуші Антон Ким.

Оның айтуынша, халықтың арасында сенімсіздік онсыз да жоғары: жұрт үлкен уәделерге де, жаңа бағдарламаларға да сенбей қалған.

"Енді кез келген адам қайырымдылыққа үлес қосар алдында мың рет ойланатын болады", – деп түйіндеді Ким.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар