Перизат Қайратқа қатысты резонансты іс бойынша соттың әрекеттері қоғам мен БАҚ өкілдері арасында наразылық туғызып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Қазтагқа сілтеме жасап.
Журналистер "Бүгін алдын ала тыңдалым өтетінін біреуіңіз білдіңіздер ме?" деп соттың журналистерге арналған чатында қойды.
Топтағы журналистердің басым бөлігі 9 шілдеде сот процесі басталатынынан хабарсыз болып шыққан.
"Соттың басталғанын неге хабарламадыңыздар? Мұндай жасалмайды ғой, бұл топ не үшін құрылған?", - деп ашуланды тағы бір журналист, сот отырысының күні туралы күн сайын сұрап жүргендерін еске салды.
Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ақбота Шәріпханова ешкімді жеке шақырмағандарын алға тартқан. Алайда журналистер кейбір "ерекше" БАҚ өкілдерінің қалайда алдын ала тыңдалымға қатысып кеткенін атап өтті.
"Бұл астаналық соттың қандай да бір ерекше тәртібі ме?" - деп наразылық білдірді журналистер.
"Соттың басталғанын бізден әдейі жасырғандай әсер қалды. Әріптестер күн сайын сұрап отырды. Бұл - қоғам назарындағы іс. Бізде осындай анонстар үшін арнайы чат бар, бірақ оны тек қандай да бір релиздерді жариялауды сұрағанда ғана қолданады", - деп қынжылды соттың баспасөз қызметі чатының бір қатысушысы.
Бүгін Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот басталды.