Конкусқа қатысушылар мен олардың жанкүйерлері, Сараптама кеңесінің мүшелері, жалпы 200-ге жуық білім беру жүйесі мамандарының қатысуымен өткен айтулы іс-шара шымылдығы әдеттегідей Қазақстан әнұранымен ашылды.
Институттың аға оқытушысы, Білім беру ісінің үздігі, әйгілі ғалым-ұстаз Арзиева Алия Тоқтамысқызы конкурсқа қатысушыларға Сертификат табыстаса, кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Ибраева Жанар Мухаметқалиқызы жүлдегрлерді ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттау рәсіміне шықты. Конкусқа қатысушылардың құрметіне арналған мерекелік әншашу, мың бұрала билеген биші қыздарымыздың өнері салтанатты жиынды көркейте түскендей.
Наурыз айынан басталған конкурстың мәрелі сәтін көптен күткен ІІ дәрежелі жүлдегерлерді Институт директорының орынбасары Қайсар Көпжасарұлы марапаттау рәсімнде жеңімпаздарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Конкусқа қатысқан әрбір педагогтің ізденісі мен жаңашылдыққа ұмтылысы кәсіби өсуіне, шеберлігін шыңдауға себеп болатындығын атап өтіп, дәстүрлі конкурста озық ойымен, нәтижелі тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға алғыс білдірді.
Ұстаздар үйіндегі жарыс додасының нағыз жеңімпаздарын І дәрежелі дипломмен марапаттау және қорытынды сөз кезегі конкурстың өңірлік кезеңін Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Алматы қалалық кәсіби даму институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы Садвакасова Раиса Аждаровнаға берілді. Сахна төрінде 1-ші орын алған жүлдегрлерді марапаттауға шыққан Институт директоры: «Сарапшылардың жұмыс қорытындысы бойынша калалық конкурста жоғары балл жинап, кәсіби шеберліктеріңізді дәлелдедіңіздер. Ендігі жерде біз сіздерге сенім артамыз. 1-орын иеленген жүлдегерлеріміз Конкурстың республикалық кезеңінде жоғары бал жинап, Алматының мерейін шалқыта түсуіне тілектеспін» –деді. Өз кәсібін жақсы білетін, жаңалыққа жаны құштар адамдар ғана конкурсқа қатысады. Сондықтан, конкусқа қатысқан мұғалімдердің барлығын да жеңімпаз деп айтуға болады! Сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Перуза Асылбек