Павлодарда қолдан жасалған аралас қоспаның кесірінен 7 оқушы зардап шекті. ТЖД жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
112 пультіне хабарлама түскеннен кейін № 37 мектепке өртсөндірушілер, құтқарушылар және ТЖМ апаттар медицинасы орталығының бригадасы жедел жеткен.
"Оқиға кезінде қолдан жасалған аралас қоспаның кесірінен 7 оқушы зардап шекті. Болжам бойынша бөтелке жарылған", - деп жазылған хабарламада.
АМО қызметкерлері бір жәбірленушіні тексеріп, алғашқы көмек көрсеткен, қалғандарын жедел жәрдем қызметкерлері облыстық балалар ауруханасына жеткізді.