Павлодар облысының тұрғыны 36 мың теңгеге бола әйелінің денесін бөлшектеп тастаған

Dalanews 16 қаң. 2024 10:21 705

Павлодар облысының тұрғыны 36 мың теңгеге бола жантүршігерлік қылмыс жасаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

15 қаңтарда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі қарады.

2022 жылғы 31 қазанда Тереңкөл ауылындағы пәтерде С. мен оның азаматтық әйелі О.-ның арасында жанжал басталған. Оған көмір сатып алуға тастаған 36000 теңге себеп болған.

Жанжал барысында О. мас болып, С.-ны табамен ұрмақ болады. Жауап ретінде С. өлтіру мақсатында О.-ның кеуде тұсын және денесінің басқа бөліктерін бірнеше ұрады. Осылайша, жәбірленуші сол жерде қайтыс болған.

Келесі күні С. жасалған қылмысты жасыру мақсатында О.-ның денесін бөлшектеп, кейін қаптарға салып Ертіс өзеніне лақтырып жіберген. Жасалған іс-әрекет үшін заңда 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Істің мән-жайын және сотталған адамның жеке басын ескере отырып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар