Павлодар облысында прокуратура пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тексеру барысында бірқатар ұйымның кен орындарын рұқсатсыз игеріп, келісімшартта көрсетілген мерзімдер мен аумақтық шектеулерді бұзғаны белгілі болды.
"Баянауыл ауданындағы IBM Gold компаниясы экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірген. Бұдан бөлек, өңірдегі тағы 11 кәсіпорын жер қойнауын пайдалану заңнамасын бұзған. Оның ішінде сегіз жағдайда карьерлер келісімшарттық аумақтан тыс жерде қазылған. Сондай-ақ келісімшарт мерзімдерін заңсыз ұзарту деректері де тіркелді", – делінген хабарламада.
Прокуратура заң бұзған компанияларға қатысты шаралар қабылдауға уәде беріп, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында жаңа алгоритм әзірлеген.