Павлодар облысы қорғаныс істері департаментінің экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаракөз Амантай 12 ақп. 2026 16:31

Павлодар облысы қорғаныс істері департаментінің бұрынғы басшысы Бекзат Оразовқа қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, істі Павлодар облысы бойынша ҰҚК департаменті қозғаған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша подполковник Оразов атқарып отырған қызметінен босатылған.

Министрлік өкілдері тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove