Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Асхат Ораловтың дене қызуының көтерілуіне байланысты коронавирусқа тест тапсырғанын хабарлады.
Тест оң нәтиже берді. Онымен тығыз байланыста болғандар анықталып, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.
Облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлері КВИ бойынша тестілеуден өтті. Нәтижелері кейінірек жарияланады. Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция режимінде жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулер болмайтын болды.