Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 2027 жылға шегерілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бастапқыда кәсіпорынды 2026 жылы жөндеу көзделген еді. "ҚазМұнайГаз" бұл шешімді ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу қажеттілігімен түсіндірді.
Компанияның мәліметінше, жөндеу мерзімін ауыстыру маусымдық сұраныс артқан кезеңде мұнай өнімдерін тұрақты өндіруге және ел аумағын жанармаймен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл шара жекелеген өңірлерде жанар-жағармай тапшылығының туындау қаупін азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар Қазақстандағы ірі мұнай өңдеу зауыттары күрделі жөндеу арасындағы жұмыс мерзімін кезең-кезеңімен ұзартып жатыр. Шымкент мұнай өңдеу зауыты үш жылдық жөндеуаралық кезеңге көшкен. Соның арқасында кәсіпорын күрделі жөндеуге тоқтамастан үш жыл бойы жұмыс істей алады.
Осындай жөндеуаралық кезеңге көшу бағытындағы жұмыстар Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында да жүргізіліп жатыр.