Павлодар әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты концертке шақыруға 10 млн жұмсамақ

Сағыныш Сардарова 13 нау. 2024 12:36 9740

Павлодар қаласының әкімдігі Наурыз мерекесін тойлауға танымал әншілер Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақырғалы жатқаны туралы ақпарат тарады. Ең қызығы - оларға қала әкімдігі бюджетінен айтарлықтай ақша бөлінетіні. Бұл туралы жергілікті "Наша жизнь" басылымы жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді деп жоспарланыпты. Ал жұлдыздарға гонорар ретінде қала бюджетінен жалпы 10 миллион теңге бөлінеді екен.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар әкімі орынбасары Светлана Гладышева мәлімдепті.

"Негізгі сома, әрине, біздің жұлдыздарға кетті. Біз Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақыру өте қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы гонорары - шамамен 10 миллион теңге", - деп келтірді басылым Светлана Гладышеваның сөзін. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар