ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті Nazira Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табысқа уәде берген. Алайда шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.
Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан аса салымшы тартылған.
Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 көлік сатып алған.
Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден асатын 12 келі алтын бұйымдар тәркіленген.
Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.