Парижде "Батаклан" театрындағы атыстың видеосы жария болды (видео)

Dalanews 14 қар. 2015 14:02 244

Париждегі "Батаклан" театрындағы атыстың видеосы жария болды. Француздың Le Monde газетінің тілшісі Даниэль Псенни лаңкестердің шабуылы кезінде көрші ғимаратта болған. Ол терезеден концерт залынан адамдардың терроршылардан қашып жатқанын видеоға түсіріп алған. Бұл туралы «Қамшы» порталы LifeNews-ке сілтеме жасап хабарлайды .

Кадрлардан Париждың жарақат алған тұрғындарының театр ғимаратынан қашып жатқанын көруге болады. Көпшілігі қаза болғандардың денесін өзімен бірге алып кеткісі келеді. Бірнеше адам терезелерге жармасқан. Атыстың дыбысы естіледі.

Ескерту! Видеода зорлық әрекеттер бар.

Еске салайық, 14 қарашаға қараған түні Франция астанасы Парижде бірнеше теракт болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Соңғы мәліметтер бойынша 153 адам қаза тапты, тағы жүздеген адам жарақат алған. Сегіз лаңкестің көзі жойылғаны хабарланды.

https://www.youtube.com/watch?v=amwuBblpqSs

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x