Партиялар ШҚО тұрғындарымен кездесулерін жалғастырып жатыр

Партиялар ШҚО тұрғындарымен кездесулерін жалғастырып жатыр
perm-news.net

«Әділет» партиясының өкілдері Өскемен қаласында бірқатар еңбек ұжымдарымен үгіт-насихат кездесулерін өткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Партия мүшелері «Мансап орталығы» филиалының ұжымымен және «Dosjan Temir Joly» АҚ қызметкерлерімен ашық пікір алмасты. Кездесулер барысында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылып, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Теміржол саласын жаңғыртуға қатысты ұсыныстар айтылып, еңбек адамын қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар құрылыс сапасы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Партия өкілдері тұрғындарды бағдарламамен танысуға және алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілдері қаланың бірнеше ауданындағы ақпараттық стендтерді аралады. Үгіт-насихат материалдарының орналастырылуы тексеріліп, қажет жерлерде плакаттар қайта ілінді. Сонымен қатар көшелерде тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылды. Партия мүшелері сайлаушылармен қысқаша әңгімелесіп, бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ашық форматта ұйымдастырылды. Үгіт жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.

«Байтақ» партиясының облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Акция барысында тұрғындармен жеке кездесулер ұйымдастырылып, партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар агитациялық баспа материалдарын белгіленген орындарға орналастыру және тұрғындар арасында тарату жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық-түсіндіру шаралары сайлаушыларды кеңінен қамтуға бағытталды. Үгіт-насихат жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.

Қазақстан Халық партиясының өкілдері қоғамдық көлік тасымалын ұйымдастыратын мекеме қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, көлік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Бұдан бөлек, партия өкілдері трамвай ішінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Жолаушыларға үгіт-насихат материалдары таратылып, бағдарламаның басым бағыттары таныстырылды. Үгіт-насихат жұмыстары өңірде жалғасуда.

«Ауыл» партиясының өкілдері қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Партия мүшелері тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар ақпараттық парақшалар белгіленген орындарға орналастырылды. Тұрғындарға үгіт-насихат материалдары таратылды. Азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, пікірлері тыңдалды. Партияның үгіт-насихат жұмыстары өңірде жалғасуда.

«Ақ жол» партиясының өкілдері Глубокое ауданындағы туристік нысандарды аралады. Сапар барысында туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесуде өңірдегі туристік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлер өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Партия өкілдері саланың өзекті мәселелеріне назар аударып, пікір алмасты. Үгіт-насихат жұмыстары аудан тұрғындарымен кездесулер арқылы жалғасуда.

«Respublica» партиясының өкілдері «Таза Өскемен» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Қатысушылар коммуналдық сала қызметкерлерін толғандыратын өзекті мәселелерді талқылады. Еңбек жағдайын жақсарту мен қала тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныстарға назар аударылды. Партия өкілдері ұжым мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Үгіт-насихат жұмыстары өңірдегі еңбек ұжымдарында жалғасуда.