Парламент кітапханасында "Жасанды интеллект әліппесі" атты әдістемелік құралдың таныстырылымы өтті

Сағыныш Сардарова 10 сәу. 2025 18:02 676

Парламент кітапханасында қазақ тілінде жарық көрген «Жасанды интеллект әліппесі» атты әдістемелік құралдың таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл – жасанды интеллект негіздерін қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіретін алғашқы қазақ тілді жинақ.

Кітапта жасанды интеллектіні түрлі салада тиімді қолдануға арналған мыңнан астам арнайы құрастырылған промпт үлгілері қамтылған.

Автор Мейіржан Әуелханұлының айтуынша, бұл еңбек білім беру жүйесінде, мемлекеттік басқаруда және кәсіби біліктілікті арттыруда практикалық көмекші құрал ретінде пайдалануға ыңғайлы. Ақпараттық технологиялар саласында мол тәжірибесі бар автор жинақтың қоғамдағы технологиялық сауаттылықты арттыруға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Шара барысында Мәжіліс депутаттары жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияның маңызы артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұндай еңбектердің креативті және сараптамалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететінін айтты. Сонымен қатар «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын қарау барысында бұл кітап методологиялық құрал ретінде пайдалы болатыны да атап өтілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар