Freedom Inside '26

Пара беруге айдап салған: Павлодар облысында адвокат сотталды

Пара беруге айдап салған: Павлодар облысында адвокат сотталды
gov.kz

Павлодар облысында адвокат алаяқтық жасағаны және пара беруге арандатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алдау арқылы сенімгерді адастырғаны және заңсыз пайда алуға бағытталған іс-әрекет жасағаны, оны лауазымды тұлғаларға ақшалай сыйақы беруге итермелегені дәлелденген.

Ол қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде сенімгерден 6 100 000 теңге шамасында ақша алып, өз қалауы бойынша жұмсаған.

Сот оған 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру, адвокаттық қызметпен және заң кеңесшісі қызметімен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыру және подполковник арнайы атағынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.