Пара алды деген күдікпен «Ертіс орманы» басшысы қамауға алынды

Азамат Қойшығара 06 ақп. 2024 11:44 2639

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысының пара алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол кәсіпкерлерге орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

"Сонымен қатар, резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған", - деп жазды Антикордан.

Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді.

Тергеу жалғасуда. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар