Пәкістанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Пәкістанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.

Екі ел басшылары бірге суретке түскен соң Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.