Өзіне қарсы іс қозғалғанда араб әмірліктерінде жүрген шенді миллиардтарды жеп қойған

Сағыныш Сардарова 28 ақп. 2024 15:10 5816

Акмола облысында Целиноград ауданының жолаушылар көлігі бөлімінің бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Целиноград ауданының прокуратурасы мәліметінше, автожол саласында тексеріс жүргізілген. Ал нәтижесінде Қоянды ауылының көшелерін күрделі жөндеу және салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрынғы басшысы мен кәсіпкер 1,2 миллиард теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлағаны анықталған.

Аудан прокуратурасы 2 қылмыстық іс тіркеген. Ал сотқа дейінгі тергеуді Ақмола облысының прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді.

"Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы қамауға алынды.

1,2 млрд теңгеден аса көлемінде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деп жазылған Ақмола облысының прокуратурасы мәліметінде.

12 ақпанда осы іс бойынша үкім шықты. Целиноград аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша шенеунік өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды, оған қоса бас бостандығынан да айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар