Кеше Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс студенті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеу кезінде өзіне оқ атып мерт болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"13 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
"Қорғаныс министрлігі басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламасында.