Freedom Inside '26

Өзін ұлттық компания қызметкерімін деп таныстырып, халықты алдаған алаяқ сотталды

Өзін ұлттық компания қызметкерімін деп таныстырып, халықты алдаған алаяқ сотталды
gov.kz

16 азаматты алдаған елорда тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.

Мәселен, өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.