Freedom Inside '26

Өзге елде тиімді болған жүйе Қазақстанға қажет пе?

Өзге елде тиімді болған жүйе Қазақстанға қажет пе?
Максим Блинов

Біздің букмекерлік нарыққа енгізіліп жатқан Біріңғай есепке алу жүйесі былайша айтқанда осы нарықта тәртіп орнатуы тиіс.

15 тамызда пилоттық режимде жасанды интеллектіні пайдалана отырып, интернетті мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. ЖИ қазірдің өзінде тәулігіне 800 сайтқа дейін бұғаттай алады. Бұған дейін мұндай жұмыс қолмен атқарылып, жарты жылға дейін уақыт алатын.

«Оператор ЕСУ» ЖШС Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған. Жүйенің зияткерлік меншік құқығы толықтай осы мемлекеттік кәсіпорынға тиесілі. Серверлер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инфрақұрылымында орналастырылған.

Жүйе букмекерлік кеңселердің айналымын бақылап, құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған ойыншыларды, мысалы, кәмелетке толмағандар мен борышкерлерді анықтайды. Сондай-ақ ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама аясындағы транзакцияларды қадағалайды.

Жақын уақытта заңға тиісті түзетулер қабылдануы мүмкін. Бұл өзгерістер букмекерлерді айналымының 3 пайызын үш қорға аударуға міндеттейді. Олар — «Қазақстан халқына», SportQory және Ұлттық олимпиада комитеті жанындағы қор. Әрқайсысына 1 пайыздан түседі.