ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, Самар ауданы аумағындағы "Кенкарын" учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, Құлынжон өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен.
"Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты. Тексеріс барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіп жабдығы тәркіленді", - деді ҚМА өкілі.
Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.