Астана қаласының Полиция департаментінде алаяқтардың мессенджерлерде жалған аккаунттар құрып, өздерін мемлекеттік, квазимемлекеттік және басқа да ірі коммерциялық мекемелердің басшылары ретінде таныстырып, адамдарды алдап соғатынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтем жасап.
Осылайша, құқық қорғау органдарының атынан ұйымдардың қызметкерлеріне сырттан тексеру жүргізілетіні туралы хабарланады.
– Алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстырып, олардың банктік шоттары арқылы террористік ұйымдарды қаржыландыру фактісі анықталғанын хабарлайды, содан кейін қорқыту арқылы ақшаны банк шоттарына аударуды немесе қолма-қол ақшаны құқық қорғау органдарының қызметкерінің қолына беруді сұрайды.
Осыған байланысты азаматтардан абай болуды, белгісіз абоненттік нөмірлермен диалогқа түспеуді, сондай-ақ ешбір жағдайда белгісіз банктік шоттарға ақша аудармауды және бөгде адамдарға бермеуді сұраймыз. Барлық күдікті фактілер туралы дереу полицияның «102» нөміріне хабарлауды сұраймыз, – делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, биыл елорда аумағында 2500-ден астам интернет-алаяқтық тіркеліп, 505 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Азаматтарға келтірілген залал 2 млрд теңгеден асады.