Өзбекстанмен шекарада ұзын-сонар кезек пайда болды

Өзбекстанмен шекарада ұзын-сонар кезек пайда болды
Фото: yujanka.kz

Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қапланбек» өткізу бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл туралы Қазақстан ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, адамдардың жиналып қалуына Өзбекстан жағындағы тіркеу жүйесіндегі ақау себеп болған.

Мәселе Өзбекстандағы «Навои» өткізу пунктінің жұмысында туындаған. Соның салдарынан азаматтар шекаралық рәсімдерден жылдам өте алмай жатыр.

"Өзбекстан тарапының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ҰҚК.

Қазақстан жағынан «Қапланбек» өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Шекарадан өтуге қатысты ешқандай шектеу енгізілмеген.