Өзбекстанда жылқы шаруашылығын дамытуға бет бұрды

Dalanews 20 мау. 2017 05:06 1244

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елде жылқы шаруашылығын дамыту туралы қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қашқадария облысында "Өзбекмұнайгаз" ұлттық холдингінің қолдауымен жыл аяғына дейін Қарабайыр жылқыларын өсіретін кешен салынады.

Ташкент облысында Ақалтеке жылқыларын өсіретін екі зауыт салынады. Бұған қоса, Өзбекстанда Республикалық бапкерлер, ат спорты жөнінен төрешілер, ветеринарлар мектептері құрылады.

Президент қаулысында Ақалтеке және Қарабайыр жылқыларын өсіру, спорттық және қызметтік жылқылардың дұрыс түрлерін сұрыптап алуға арналған бірыңғай құрылым құру туралы айтылған. Сонымен бірге елде, әсіресе жастар арасында ат спортын насихаттау қолға алынады.

Тамыз айының ортасына дейін үкімет республикада 2021 жылға дейін Жылқы шаруашылығын дамыту жөніндегі Бағдарлама жобасын дайындауы тиіс.

Еске салайық, наурыз айында Шавкат Мирзияев алғаш рет Түркіменстанға мемлекеттік сапармен барды. Сол кезде президент Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов өзбек президентіне ақалтеке жылқысын сыйға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар