Өзбекстанда 9 айлық сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Өзбекстанда 9 айлық сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды
Hirkophoto/Getty Images

Өзбекстанның Ферғана қаласында 9 айлық баласын ақшаға сатуға әрекеттенген ерлі-зайыптының әрқайсысы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы елдің Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Азиз Обидов хабарлады, деп жазады dalanews.kz.

Сот материалдарына сәйкес, ер адам мен әйел 2024 жылдың қазанында танысқан. Кейін жақындарына айтпастан шариғат жолымен некелесіп, бірге тұра бастаған. Алайда олардың арасында жиі жанжал болып тұрған.

2025 жылдың қазанында ерлі-зайыптының ұлы дүниеге келгенімен, отбасындағы келіспеушіліктер тоқтамаған. Қаржылық қиындыққа тап болған олар сәбиін сатып, ақша табуға өзара келіскен.

Сот отырысында әйел өзінің бірнеше банктік несиесі барын айтқан. Оның сөзінше, қарыздарын өтеу және Түркияға бару үшін қаражат қажет болғандықтан, баласын сатуға әрекеттенген. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Сот ерлі-зайыптыны бала саудасына әрекеттенгені үшін кінәлі деп танып, олардың әрқайсысына бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.