Өзбек үкіметіне қарасты дін істері бойынша комитет мәліметіне қарағанда, Өзбекстанның халықаралық рейтингіде жоғарылауына өлкенің Ислам мұрасын жаңғыртуына және оны халықаралық деңгейге танытуға бағытталған бірқатар жобалары себеп болған.
Өзбекстан 2019 жылы Мұсылман саяхатының ғаламдық индексінде (Global Muslim Travel Index - GMTI) 22-ші, 2018 жылы 32-орында болған.
Ал Қазақстан аталмыш рейтингте 17 орынға табан тіреді. Бұл біз үшін жаман көрсеткіш емес. Бұған Түркістан облысында туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар себеп болғаны анық.
Рейтингіні 2015 жылдан бері Сингапурдағы Crescent агенттігі жасап келеді. Ол әлемнің 130 өлкесіндегі мұсылман нысандарын 40-тан астам өлшемімен бағалайды.