Басылым мәліметі бойынша, дрондар биыл 30 қарашаға дейін АҚШ-тан Өзбекстанға жеткізіледі.
Shephard Defence Insight ұйымының мәліметі бойынша, оның жалпы құны 8 миллион 540 мың долларды құрайды және Өзбекстан бір дронға 225 мың доллар төлейді.
Бұл дрондордың құрлықта және теңізде барлау істерін жүргізуге лайықталып, 15 мегапикселді камералар арқылы видеоға түсіріп, бірден орталыққа жеткізуге мүмкіндігі бар.
Осыған дейін қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік комитет Өзбекстан Орталық Азияда бірінші болып ұшқышсыз ұшу аппаратты ұшырғанын, енді «Лочин» дрондары халықаралық техникалық талаптарға толып жауап беретінін мәлімдеген.
Комитет мәліметінше, дрондар барлау, қарсы соққы беру секілді міндеттерді атқара алады және экономиканың басқа тармақтарында да қолдануға болады.