– Қазақстан үшін Өзбекстанмен қарым-қатынас орнату өте тиімді, қажет. Біздің арамыз жақсарып келеді. Бір жыл ішінде тауар айналымы екі есеге – 1 млрд доллардан 2 млрд долларға жеткен. Біз Өзбекстанның жаңа президенті Мирзияевпен 5 млрд долларға дейін жеткізуге келістік, – деп хабарлады мемлекет басшысы.
Назарбаев Қостанайда Өзбекстамен бірге электронды двигательмен жүретін автомобиль шығаратын кәсіпорын ашылғанын еске салды.
"Келесі жылды біз Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жарияладық. Қазақстанның Өзбекстандағы күндері де өтеді", – деді Назарбаев.