Отырарлық кітапханашылар балаларды кітап оқуға үндеді

Dalanews 30 қар. 2018 04:36 249

Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында Ақбол балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ертегі әлемінде» атты ертегілерден үзінді оқу сағаты өткізілді.

Балалардың ұлттық рухани білімдерін жетілдіруді мақсат тұтқан шарада «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге өте әсем суреттелген қызықты кітаптар қойылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге шолу жасап, бүлдіршіндерге ертегілер оқып берді және сол ертегілер бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, шара барысында «Ертегі кейіпкерлері» атты викторина, «Жұмбақтарды шеш» ойыны ойнатылды. Балалар іс-шараға белсене, қызығушылықпен қатысты.

Балалар білімді, тәрбиені ертегіден, яғни кітап оқудан алады, ал кітап оқу арқылы білім шыңына қол жеткізеді. Елбасымыздың осыған байланысты білім туралы көптеген нақыл сөздері бар, ал соның ішіндегі «тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді» - деген ұлт көшбасшысының қанатты сөзі барша кітапхана қызметкерлерінің көкейінде қалып, өмірлік ұстанымына айналған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар