Осы орайда Шәуілдірде орын алатын өзгерістерге қатысты тың мәлімет тапты.
Бұнда қазір 200 жеке тұрғын үйге инфрақұрылым тартылған. Болашақта барлығы 550 үй салынады деп жоспарлануда.
Қазір алғашқы 24 пәтерлі 2 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны –311 млн теңге. Тұрғын үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
2-3 бөлмелі жаңа баспаналарға негізінен агроном, инженер, мұғалім, дәрігер сияқты ауданға аса қажетті мамандар жайғасады. Бұдан бөлек әл-Фараби мөлтек ауданында да 24 пәтерлі 2 тұрғын үй салынуда. 1 бөлмелі пәтерлер негізінен жас отбасыларға беріледі. Оған қазынадан 137 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толық аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ келесі жылы Шәуілдірдегі жаңа мөлтек ауданда тағы да дәл осындай көппәтерлі 4 тұрғын үй мен 2 пәтерлі 31 үйдің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.
Әбдіғали Жүнісов, Отырар ауданы әкімінің орынбасары:
– Бұндағы мақсатымыз – сол елге қажетті медицина қызметкерлер мен білім саласындағы мұғалімдерді, мал шаруашылығына ветеринарлар, агроном сияқты ауыл шаруашылығына қажетті мамандарды тұрақтандырып, елді мекендегі әлеуметтік, экономикалық мәселелерді көтеруге септігін тигізеді деген мамандарға қажеттілікті түбегейлі шешу.