Отырар ауданы әкімі мектептің спорт алаңы мал жайылымына айналған көрді

Dalanews 20 шіл. 2016 12:40 866

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының әкімі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын біліп, бүгінгі жай-күйімен танысу үшін бірқатар білім ұяларын аралап, күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

ОҚО-да аудан әкімі спорт алаңы мал жайылымына айналған мектепті көріп шошып кетті

Аудан әкімі Ерлан Айтаханов алдымен П.Айтменов мектебіне барды. Білім ұясының шатыры жаңадан жабылғанымен ауладағы қоршауларды көрген басшы шошып кетті. Қоршаудың сыртқы тұсы реттеліп, ішкі тұсын мектеп басшылығы ұмыт қалдырыпты. Ол аз дегендей, мектеп айналасын жыңғыл мен арам шөптер басып кеткен.

Білім ұясының ауласы қоқыстан көз ашпаған. Ал спорт алаңшасы мал жайылымына айналған. Доп тебу түгілі, қыстық аяқ киіммен жүруге тура келеді. Бір қызығы, Отырар ауданында тек бұл бір білім ұясы ғана емес, А.Дәрібаев, С.Әшіров, Ө.Жәнібеков мектептерінің де сиқы осындай кейіпте.

Д.Құрманбеков атындағы атындағы колледж бен ардагерлер саябағындағы жағдай да мәз емес. Оларды көзбен көрген Айтаханов жауаптыларға бір апта мерзім беріп, олқылықтардың орнын толтыруды қатаң тапсырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар