Отандық спорт үшін тарихи оқиға: УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді

Отандық спорт үшін тарихи оқиға: УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді
ҚФФ

УЕФА атқарушы комитеті Астана қаласын 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін орын ретінде бекітті, деп хабарлайды dalanews.kz ҚФФ-ға сілтеп.

УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін беделді матч "Астана Арена" стадионында өтеді.

"Астананы таңдауға Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және Еуропа футбол қауымдастықтары одағымен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кешенді жұмысы негіз болды. Қазақстанда мұндай деңгейдегі матч өтуі - отандық спорт үшін тарихи оқиға", - деп жазылған хабарламада.