Айта кетсек, Өскемен қаласының құрамасы аталған сайысқа бірінші рет қатысып отыр. Команда ойыншыларының айтуынша, көрсеткіштеріне тәнті болған ұйымдастырушылар турнирді әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді ұсынған.
– Өскемен қаласы қазақстандық хоккейдің отаны болғандықтан, жеңіліс табудың өзі намыс көрінді. Команда мүшелеріне алғысым шексіз, ересек болса да, ескі хоккей мектебінің әдістерін ұмытпапты. Ойын барысында ақмолалық командамен ойын қызықты да тартысты өтті. Енді әр жыл сайын қатысып, жетістікке жетуге бел буып отырмыз, – деді құрама мүшесі Ерлан Тұраров.жеңіс
Турнир көрсеткіштері бойынша екінші орынды алматылықтар иеленсе, үшінші орынға Ақмола командасы аяқ тіреген.