Өскеменде 16 жастағы қызды ауыр жарақаттау ісі: күдікті қамауға алынды

Самал Асқар 26 нау. 2026 15:12

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Өскемен қаласында кәмелетке толмаған қызға ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dala News.

Департаменттің мәліметінше, 7 ақпанда Үлбі полиция бөлімі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі 11-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Қазіргі уақытта іс аясында бірқатар сот сараптамалары тағайындалып, жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған.

Полицияның хабарлауынша, жәбірленушінің өміріне қауіп жоқ, жағдайы тұрақты.

Тергеу жалғасып жатыр. Істің мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove