Өскемен әуежайы жанармай бағасын көтергені үшін жауапқа тартылды

Қаракөз Амантай 29 сәу. 2026 13:04

Өскемен қаласының әуежайы авиаотын бағасын негізсіз жоғары ұстап отырғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жағдайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тексеру барысында анықтаған. Тергеу нәтижесінде әуежайдың авиаотынды бөлшек саудада сату кезінде монополиялық жоғары баға белгілеп, оны ұзақ уақыт өзгеріссіз ұстап келгені белгілі болды.

Сот шешімімен "Өскемен әуежайына" 8,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар заңсыз алынған 10,6 млн теңге табыс мемлекет кірісіне өндірілді.

Бұл шешімді бірінші сатыдағы сот та, Шығыс Қазақстан облыстық соты да күшінде қалдырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove