ОСК ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеді

Dalanews 13 ақп. 2023 07:06 707

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 19 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімде 6 кандидат бар: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олар кандидаттардың жалпы санының 31,6 пайызын құрайды. Белгіленген квота сақталған. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

Оның атап өтуінше, ЖСДП Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауына қатысқан жоқ.

«Сондықтан «Сайлау туралы» заңның 88-бабына партия тізімін тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізуі тиіс. Жарна сомасы партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерін құрайды. ЖСДП сайлау жарнасын толық көлемде төледі», - деді ол.


Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы, ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар