"Осы сіз қай елде тұрасыз?". Перуашев Божконың бетін қайтарып тастады

Dalanews 29 қаз. 2018 09:23 191

Біздің елде Божко деген бір кісі үлкен қызметте әлі жүр.

Парламент Мәжілісінің отырысына келіп алып, ондағы өзі сияқты қарт кісілерді қайта-қайта космомол мерекесімен құттықтай берген екен.

Содан біз кезде депутат Азат Перуашевтен сөз естіп қалыпты:

– Біз сізбен бірге Парламент Мәжілісінің ресми отырысында отырмызСіз, Владимир Карпович, басқа да әріптестерім, отырыс ашылмай жатып бір-бірлеріңізді комсомол мерекесімен қоймай құттықтап жатырсыздарСіздер осы қай елде тұрасыздар? Білмесеңіз, мен естеріңізге салып қояйын, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Тәуелсіз Қазақстанда ондай мереке жоқ! Сондықтан бізді ол мерекемен құттықтаудың керегі жоқЕгер бұл сіз үшін жеке мереке болса – онда бір-біріңізді Парламент отырысында емес, жеке кездесіп құттықтаңыз,

– депті шыдамай кеткен Азат Перуашев.
Міне, осындай қызықтар болып жатыр, қазіргі Қазақстанда.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x