Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев соңғы жағдайларға байланысты мемлекет басшыларының әрекетін сынға алып, көпжылдық спектакльден елде әлі ештеңе өзгермегенін алға тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Осы тұста ол жылдар бойы қайталанып келе жатқан елдегі қиын жағдайдың бірнеше себебін атады. Айтуынша, Назарбаев өзінің басқару жүйесінде адалдықты біліктіліктен жоғары қойғандықтан, біліксіз шенеуніктер қарапайым халыққа немқұрайлық таныта бастады.
"Президент Үкімет пен әкімдерді елдегі су тасқынына байланысты немқұрайлылық пен біліксіздік танытты деп сынады. Десе де бұл жылда қайталанатын жағдай.
Нұрсұлтан Назарбаев та 30 жыл бойы сәтсіздіктер үшін министрлер мен әкімдерді кінәлап, сөгіс жариялап, жұмыстан шығарды. Бірақ бұл көпжылдық спектакльден елде ештеңе өзгерген жоқ. Өйткені ол құрған мемлекеттік басқару жүйесі ешқашан тиімді жұмыс істеуге бағытталмады, тек ішкі номенклатуралық ықпал мен ресурстарды қайта бөлумен айналысты. Бұл - автократиялардың кемшілігі.
Бірінші президент адалдықты біліктіліктен жоғары қойды. Нәтижесінде біліксіз шенеуніктердің қарапайым адамдарға немқұрайлылығын тудырды. Осының бәрін мен 2019 жылы "Вертикаль деформациясы" атты кітабымда жаздым. Онда елді қиын жағдайда қалдырған мемлекеттік басқару жүйесінің барлық әлсіз тұстары талданған", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.
Оның пікірінше, бұл қателікке Тоқаев та бой алдырды.
"Сол қателікті екінші президент те қайталап отыр. Шын мәнінде, ол "жаңа Қазақстанмен" бүркеген сол бұрынғы жүйені немқұрайлық, біліксіздік, уақытша синдромы және сыбайлас жемқорлық түріндегі ескі және шіріген мазмұнда сақтап қалды.
Aл уақытша синдромы жоспарлаудың ауқымын шектейді. Сонымен қатар билік теріс селекцияға бәс тігуді жалғастыруда. Нәтижесінде Қазақстанда көптеген проблемалардың себебі – мемлекеттік аппараттың дағдарысқа қарсы жұмысының тиімсіздігі. Себебі олар еш бір төтенше жағдайға дайын емес. Олар тіпті жыл сайынғы су тасқынына да дайын емес. Бірақ біз тағы да Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар арасында үйлестіру жоқ екені туралы естиміз. Негізі ондай үйлестіру болмайды да", - деп атап өтті ол.
Саясаттанушы аталмыш мәселелерге байланысты ақпараттарды өз кітабында егжей-тегжейлі жазған көрінеді.
Сол "Вертикаль деформациясы" кітабымда мен мемлекеттік аппараттың ішінде кері байланыс циклі жоқ екенін атап өттім. Тігінен де, жоғарыдан қабылданған шешімдер диверсияланған кезде, көлденең де, ведомствоаралық қақтығыс үнемі болып тұрған кезде өзара күдік пен ақпараттық сепаратизм туындайды. Нәтижесінде жүйелік командалық жұмыс жоқ. Көптеген шенеуніктер жауапкершілікті өз мойнына алып, жағымсыз жаңалықтардың "хабаршы" болғысы келмейді, өйткені олардың мансабы қарапайым қазақстандықтардың еркіне, тілегіне немесе сайлау мандатына емес, жоғары тұрған басшылардың мейіріміне байланысты", – деді Досым Сәтпаев.