Ош облысында әйелді өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Ош облысында әйелді өлтіріп, денесін өртеп жіберген
ашық дереккөзден

Қырғызстанның Ош облысындағы Қара-Суу ауданынан өртелген әйелдің мәйіті табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өңірлік ішкі істер басқармасының мәліметінше, 10 шілде күні шамамен сағат 05:30-да Ош – әуежай тасжолының бойындағы егістік алқаптан азиялық келбеттегі әйелдің мәйіті табылған.

Марқұмның 1987 жылы туған Ош облысының тұрғыны А.Н. екені анықталды. Тергеу дерегіне сәйкес, әйел өлтірілгеннен кейін оның денесі өртелген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 122-бабы – "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру шаралары барысында 17 шілдеде полиция қызметкерлері 1988 және 1992 жылы туған екі ер адамды күдікті ретінде ұстады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.