Орта және жоғары білімді бағалау негізгі бастама

Dalanews 02 мам. 2018 03:39 1014

 Жоғары сапалы білім – бүгінгі таңдағы негізгі мәселе. Білімнің сапасын бағалау мүмкіндігі өзекті қадамның бірі болғандықтан, орта және кәсіби білімнің сапасы, кітапхана қоры, білім алушылардың деңгейі болашақта жұмыс берушілер үшін әрдайым маңызды.

Сонымен қатар, негізгі критерийлердің бірі – білім алған жас мамандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші. Білім алушылар жоғары оқу орындарынан алаған білімінің сапасын және өмірлік қажеттілігін жұмыс барысында ғана анықтай алады. Басты мақсат болашақ жас мамандардың осы білім мен дағдыларын дұрыс бағытта қолдана алуында. Бұл арада жұмыс берушінің 4 жылдық білімге қандай баға беретіндігі назардан тыс қалмауы тиіс. Мәселен, егер жұмыс беруші маманның білімін жоғары бағалайтын болса, нәтижесінде мамандардың жұмыспен қамтылуы мен жалақысы жоғары болатындығы анық. Ал маманның білімінің деңгейі мектеп қабырғасынан қалыптасатын бойындағы қабілетіне байланысты.

Бүгінгі таңда орта және жоғары білімді бағалау негізгі бастама болып отыр. Жастардың бәсекеге қабілетті болуы орта білім ордасы – мектеп қабырғасынан басталатыны бәрімізге мәлім. Білімнің бастауы ұстаздар екендігін ескере отырып, Елбасымыз ұстаздардың мәртебесін назардан тыс қалдырмаған. Елбасының мектеп оқытушыларының мәртебесін көтерудегі бастамалары болашақ студенттердің білімінің деңгейіне және мамандардың сапасына деген әсері мол деп білемін.  Себебі, оқытушының білімі жетілсе,  білім алушылардың алған білімінің де сапасы артады. Білім бағыты мен білім беруші тұлғалар әрдайым назарда болуы тиіс, аталмыш саладағы қажеттіліктер сараланып, мүмкіндіктер қарастырылып отыру керек деп ойлаймын. Әрине, Елбасының қолдауына сай болу үшін мектеп қабырғасындағы және жоғары оқу орындарындағы мамандардың біліктілігін арттыру ең маңызды талап. Өйткені білікті ұстаздарымыздан талапты студенттер, сауатты түлектер, заман талабына сай тұлға қалыптасады.

Қазіргі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студенттердің жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселелерін көтеріп отыр. Білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне ат салысып, еліміздің жастарына демеу болу әр ұстаздың міндеті. Олардың алдағы уақытта жұмыспен қамтылуы білім деңгейіне байланысты. Сондықтан біздің заман талабына сай, технологияларды меңгерген, алғырлық қабілетімен көзге түсетін, еңбек нарығында сұранысқа ие ұрпақты мектеп және жоғары оқу орны болып демеу көрсету керекпіз.

 

Эльмира МАЖЕНБАЕВА, №141 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Алматы қаласы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар