Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы биылғы жылдың төртінші тоқсанында барреліне 120 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай болжамды Goldman Sachs Group Inc. сарапшылары жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Банк мамандарының айтуынша, мұндай сценарий Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізуге қатысты мәселелер сақталған жағдайда жүзеге асуы ықтимал.
Алайда сарапшылар бұл нұсқаны негізгі болжам ретінде қарастырмайды. Goldman Sachs-тың базалық сценарийіне сәйкес, төртінші тоқсанда Brent мұнайының орташа бағасы барреліне 80 долларды құрайды.
Бұл болжам Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің бәсеңдеп, өңірдегі жағдайдың тұрақталатынына негізделген.
Еске салайық, Ормуз бұғазы әлемдегі ең маңызды мұнай тасымалы бағыттарының бірі саналады. Сондықтан ондағы кез келген шиеленіс әлемдік мұнай бағасына тікелей әсер етеді.