Ормуз бұғазы ашылғаннан кейін мұнай бағасы күрт төмендеді

Самал Асқар 17 сәу. 2026 18:23

Иран Ормуз бұғазын ашқаннан кейін мұнай бағасы күрт төмендеді, деп хабарлайды Dala News.
 
Мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та мұнай бағасы барреліне шамамен 83 долларға дейін түскен.
 
Сондай-ақ:
•WTI маркалы мұнай бағасы 12%-ға арзандады;
•Brent маркасы 8%-ға төмендеді.
 
Бұған дейін Иран СІМ Ормуз бұғазы толық ашық екенін ресми түрде мәлімдеген.
 
Сарапшылардың пікірінше, бұғаздың ашылуы мұнай жеткізілімінің тұрақтануына әсер етіп, нарықтағы қысымды төмендеткен.
 
Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалы үшін стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі саналады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove