Ордабасылық тыл ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ордабасылық тыл ардагерлерге құрмет көрсетілді
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерінің үйіне барды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Ардагерлерді арнайы марапаттап, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты мерекелік медаль табыс етті. Аудан басшысы өз сөзінде ардагерлерге ерліктері үшін алғысын білдірді.

Бүгінде ардагерлердің бірі - 90 жастан асқан Ысқақ Әбдіқайым. Ол - ұстаздық қызметті абыройлы атқарып, «Үздік еңбек әулеті» марапатына ие болған қария.

Сондай-ақ, 95 жастағы Рахия Кемелбек - жастайынан колхоз жұмыстарына белсене араласқан тыл ардагері.