Бүгін Наурызнаманың төртінші күні - Шаңырақ күні Ордабасы ауданында кең көлемде аталып өтілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов арнайы қатысып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған өнер туындыларының көрмесіне келген тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Айта кетсек, елімізде биыл Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын.
