Ордабасыда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Dalanews 25 қыр. 2023 06:25 1005

Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Азат Оралбаев бағаны тұрақтандыру бойынша жәрмеңкені аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тұрғындарға қолжетімді бағада саудалануын тексерді.

Сенбілік жәрмеңкеге ауданға қарасты ауылдық округ шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылды.

Жәрмеңкеде: сиыр еті – 2000 теңгеден, қой еті 2200 теңге; көкөністер, картоп 100-80 теңге; сәбіз 200-150 теңге; пияз 100-70 теңге; қияр 250-200 теңге; шұжық өнімдерінің онға жуық түрі 670-1500 теңге; қырыққабат 300-250 теңге; асқабақ 80-100 теңге; қызыл-көк болгар 70 теңге; ТОО «Инфрастрой» ЛТД құс еті өнімдері 900-1300 теңге; ТОО «Ордабасы НАН» ЖШС I сорт 50 келілі ұны – 9700 теңге; алма 200 теңгеден сатылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар