Қазіргі таңда, Ордабасы ауданындағы Сарытоғай және Арыстанды ауылдарында, Отырар ауданындағы Темір, Талапты және Бесторанғы ауылдарында, Мақтаарал ауданындағы Шұғыла және Елқоныс ауылдарында, Төлеби ауданындағы Шатыртөбе және Костөбе ауылдарында, Бәйдібек ауданындағы Таңатар ауылында және Кентаудағы Бершінтөбе ауылында интернет жүйесі толқындарын қабылдайтын антена діңгегі құрылғыларын орнату үшін арнайы жер телімдерін дайындау жұмыстары басталды.
Күзде осы елдімекен тұрғындарына интернет қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Қалған 11 ауылға да kcell.kz басшылығы жыл соңына дейін интернет желісін қосуды жоспарлауда.