Бұл жайындағы ақпаратты Бағдат Мусин өзінің Фейсбуктағы парақшасында жария етті.
– Қазіргі заманда цифрландыру барлық салаларды қамтыған. Әр саланы саралап, бұл бағыт бойынша қанша дерек цифрлық нұсқада жинақталатынын және қаншасын жүйелеу қажеттігін айқындау керек. Бұл – data driven government-ке көшу жолындағы негізгі талап.
Мысалы, геологиядағы ақпараттың цифрлық нұсқасын алайық. Тонналаған қағаздар сканерленді, бірақ ондағы мағлұматтарды түсіну қиын, сондықтан осы геологиялық деректерді «сөрелер» бойынша реттейтін тиісті база қажет. Мұндай жұмыс әр сала бойынша атқарылып, жіктеліп, өзекті деректер ұсынатын дұрыс процестер құрылуы керек!
Бұл тұрғыда біздің министрлік түрлі экономикалық саладағы қоғам белсенділерімен тығыз жұмыс істеуі тиіс.
Кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет боп жатады. Маған кез келген сәтте кеңес беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі – Ораз Әлиұлы Жандосов.
Онымен «Қазпоштада» жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сонда құрылған корпоративтік басқарудың сауатты жүйесін осында, яғни ЦДИАӨМ-де енгізгім келеді.
Сондықтан мен экономика саласының майталманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым. Менің ұсынысымды қабыл алғаныңыз үшін алғыс айтамын! – деді министр