Freedom Inside '26

Оралда өрттен кейін зейнеткердің мәйіті табылды

Оралда өрттен кейін зейнеткердің мәйіті табылды
pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында үйдегі өрттен кейін егде жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Dala News.

«Мой Город» порталының мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

«Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады ведомство.

Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, 1950 жылы туған әйелдің денесі 27 ақпан күні шамамен сағат 17:30-да Орал қаласындағы Тайманов көшесінде орналасқан үйлердің бірінен шыққан өрттен кейін табылған.

Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Ал Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен журналистер әзірге ресми түсініктеме ала алмаған.